Қоғам

"Бір айдан кейін табытпен оралды": Жамбыл облысында ұлттық ұлан сарбазы көз жұмды

Torgyn Abushakhman Torgyn Abushakhman
"Бір айдан кейін табытпен оралды": Жамбыл облысында ұлттық ұлан сарбазы көз жұмды
Фото: Марқұмның жақындары жіберген

Жамбыл облысынан әскерге шақырылған мерзімді әскери қызметші Данияр Амалбеков бір айға жетпей көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жамбыл облысы Тараз қаласында Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен шақырылған 6506 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметкер Данияр Амалбеков 2026 жылғы 6 қаңтарда қайтыс болды. 

Ұлттық ұланның ресми мәліметіне сәйкес, сарбаздың жүрегі кенеттен тоқтаған. Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, Данияр Шымкент қаласындағы қалалық ауруханалардың бірінде көз жұмды. Алдын ала диагноз жедел лейкоз.

"Оқиға ішкі істер министрінің орынбасары ұлттық ұланының бас қолбасшысының жеке бақылауында", – деп хабарлады ұлттық ұлан.

Даниярдың жақындары редакцияға берген мәліметінде, әскерге шақырылған жас сарбаздың 2025 жылғы 11 желтоқсанда ауруханаға түскенін, ал бұл туралы отбасының тек 29 желтоқсанда ғана білгенін айтты. Туыстарының сөзінше, ауруханада әуелі "пневмония" деген диагноз қойылып, кейін емделгені айтылады. Ал қалған мәселелер асқазанмен байланысты делінген.

"Біздің сап-сау баламыз әскерге кетті, ал бір айдан кейін табытпен оралды", – деді марқұмның жақындары.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz