KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Білместіктен болған шығар” - Министр блогерлердің ісіне байланысты пікір білдірді

Ayzhan Sylanova

«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Іс сотқа жіберілді. Енді шешімді сот қабылдайды», – деді министр.

Оның айтуынша, ерлі-зайыпты блогерлер заңды қасақана бұзбаған болуы мүмкін.

«Бұл жерде әдейі емес, білместіктен болған шығар деп ойлаймын», – деді Мырзабосынов.

Министр сонымен қатар басқа да блогерлерге қатысты тексерістер жүргізіліп жатқанын, алайда олардың есімдері әзірге жарияланбайтынын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жанабылов пен Төлегенова әлеуметтік желідегі парақшаларында 11 автокөлікті ұтысқа тігетінін жариялаған еді. Бастапқыда акцияға қатысу тегін деп көрсетілген, алайда кейіннен шарт өзгеріп, қатысушылар шамамен 30 мың теңге тұратын онлайн-курсты сатып алуға міндеттелген. Осы жағдайдан кейін жұртшылық блогерлерді білім беру өнімін желеу етіп, заңсыз лотерея ұйымдастырды деп айыптады.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары