Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Білім министрі: оқулықтарда кемшіліктер бар

Білім министрі: оқулықтарда кемшіліктер бар

«Көріп тұрсыздар, оқулықтарда кемшіліктер бар. Бірер күн бұрын ресубликалық комиссия жұмысын аяқтады. Комиссия кейбір оқулықтарды қайта түзетуге жіберді», - деді Күләш Шәмшидинова.

Министрдің сөзінше, оқулықтар басып шығаруға жібермес бұрын, былтырғы жылдағыдай қоғам талқылауынан өтеді.

«Мәселен, концептуалдық негізде білім беретін фин білімін білеміз. STEAM-білім беру деген бар, яғни математика, информатика, химия, физика және биология пәндерінің интеграциясы. Осының есебінен балалардың сабағын жеңілдетуге болады. Пәндер бірін-бірін қайталамай, оларды дамытуға арналу керек», - деп мәлімдеді білім министрі.

"Оқулық" республикалық ғылыми-тәжірибе орталығының мәліметі бойынша, Қазақстанда былтыр 2412 кітап мақұлданып, 1613 оқу құралы комиссия іріктеуінен өтпеген.

Abai.kz


Abai.kz
Автор
Мадияр