Еліміздегі барлық білім беру ұйымдарының жиынтық табысы 2025 жылы 279,05 млрд теңгені құраған. Көрсеткіштерге сәйкес, ең жоғары кіріс жоғары білім беру секторына тиесілі болып отыр.
Ресми деректерге сүйенсек, табыс құрылымы төменгі ретпен бөлінген: мектепке дейінгі білім беру 30,77 млрд теңге, бастауыш білім беру 5,99 млрд теңге, негізгі орта білім беру 37,31 млрд теңге, техникалық және кәсіптік орта білім беру – 3,54 млрд теңге шамасында қаржыландырылған.
Ал жоғары білім беру ұйымдарына құйылған қаржы 145,76 млрд теңге көлемінде екен. Яғни, саладағы қаржы айналымының негізгі бөлігі университеттерге тиесілі болып отыр. Бұл жоғары білім беру ұйымдарының ақылы қызметтер нарығындағы үлесінің жоғары екенін аңғартады.
Сонымен қатар, білім беру қызметтерінің бір бөлігі тікелей халық есебінен төленетіні де байқалды. Мысалы, 2025 жылы шаруашылық шығындары мектепке дейінгі білім беруде 70,16 млрд теңгені, негізгі орта білім беруде 6,17 млрд теңгені, ал жоғары білім беруде 66,29 млрд теңгені құраған.
Аталған көрсеткіштер білім беру саласында мемлекеттік қаржыландырумен қатар, жеке төлемдердің де айтарлықтай рөл атқаратынын көрсетеді. Әсіресе, балабақша мен жоғары білім беру сегменттерінде ақылы қызметтердің үлесі жоғары.
Жалпы, бұл деректерден білім беру жүйесінде аралас қаржыландыру моделінің күшейгені көрініс тауып отыр. Бұл үрдіс сақталған жағдайда, алдағы жылдары жекеменшік білім беру ұйымдарының нарықтағы ықпалы одан әрі артуы мүмкін.