Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстын жүргізген мердігер ұйым шатырды қалпына келтіру және өрт салдарын жоюмен айналысады, деп хабарлайды kznews.kz.
26 мамыр күні кешке Қостанай облысының Арқалық қаласындағы №5 орта мектептің шатырынан өрт шыққанболатын. Жалын шарпыған аумақ 1100 шаршы метрден асты.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Сүйіндікова алдын ала мәлімет бойынша, өртке дәнекерлеу жұмысты мен қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болуы мүмкін. Алайда төтенше жағдайдың нақты себебі жөніндегі қорытындыны кейінірек төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жариялайды.
Қазіргі таңда педагогтер үшін басты мәселе – 9 және 11-сынып түлектерінің қорытынды емтихандарын ұйымдастыру. Осы мақсатта типтік мектеп инфрақұрылымы бар оқу-өндірістік комбинаттың көршілес ғимараты дайындалған.
Білім бөлімі оқушылардың емтиханды кедергісіз тапсырып, оқу жылын толық аяқтауы үшін барлық қажетті жағдай жасалғанын мәлімдеді. Қалған шешім құзырлы органдардың ресми қорытындысы шыққаннан кейін қабылданбақ.
Еске салайық, Қостанай облысының Арқалық қаласындағы №5 жалпы білім беретін мектептің төрт қабатты ғимаратының шатырынан өрт шыққан болатын. Өрт сағат 23:40-та толық сөндірілді.
https://kaz.inform.kz/news/blm-baskarmasi-arkaliktagi-mektep-ortnn-iktimal-sebebn-aytti-90f622fe