Билікті аяусыз сынайтын азамат Ақорданы неге мақтады?

Ермек Нарымбай «Осы қарқынмен солтүстіктегі, батыстағы Орал, Көкшетау, Қостанай, Павлодарда кемінде бір батальоннан жасақтай алсақ, Ресей бізге тіс батыра алмас еді» деген пікірде.«Жауынгерлік әзірлікті тексеру үшін дабылдың күтпеген жерден Президент Жолдауынан кейін және жаңа Қорғаныс министрі қызметіне кіріскен алғашқы күнде көтерілуінің өзіндік себебі бар деп ойлаймын Біріншіден, бұл әрекет Ресейдің бізге жабық және ашық күйінде жасап отырған қысымына қарсылықты білдіреді. Әрі әскери құрамалардың мұндай көлемде ұзақ қашықтыққа жедел көшу қабілетін сынаудан олардың қауқары байқалады. Дәл осы дабыл Ақорданың әскери күшті тиімді пайдалану бойынша жекелеген сарапшылардың пікіріне құлақ аса бастағанын да көрсетіп берді. Және бұл қазақ әскерінің мемлекеттің біртұтастығын сақтай отырып, Қазақстанның ішкі ісіне Ресейдің ықпал жасауына кедергі келтіре алатынын байқатты», – дейді ол.
Әрине Қорғаныс министрлігі бұл шараны елдің Қарулы Күштердің әлеуетін бағамдауға бағытталғанын дегенімен оның астарында қандай сырдың бүгулі жатқаны белгісіз. Әйтсе де Жамбылдағы жарылыстан кейін Қорғаныс министрлігінің шұғыл әрекетке көшуі тегін емес секілді.«Жалпы үлкен полктерді, дивизияларды солтүстікке, орталыққа көптеп шоғырландыру керек. Сол арқылы Путиннің бізге деген көзқарасы өзгере бастайды. Байқасаңыздар Ресей көршілеріне әскерімен, қарулы күшпен талап қояды. Ал біздің әскери әлеуетіміз олармен теңесе алса, Қазақстан ішкі және сыртқы саясатта толық тәуелсіз болады», – деді Ермек Нарымбай.
Болат МЫЛТЫҚ