KZNews.kz
Қоғам

“Билет құны 1 миллион 400 мың” - Желіде “Қайрат-Реал” ойынына билет алып-сатарлардың жазбасы шошытты

Айжан Сыланова

Threads желісіндегі жазбалардың бірінде желі қолданушысы екі билетті 1 миллион 400 мың теңгеге бағалаған. Жазба авторының сөзінше, бәрі заңды түрде рәсімделеді.

Қазақстандықтар құзырлы органдардан осы жағдайға қатысты тексеріс жүргізуді сұрады.

Еске салайық, 23 қыркүйекте "Қайрат" пен "Реал" матчіне билеттер сатылды. Ресми мәліметке сүйенсек, билет бағасы 30 мың мен 250 мың теңге аралығында болды.


 

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →