Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Биіктен құлаған астаналық электр маманы жадынан айырылған: туыстары өтемақы талап етуде

Биіктен құлаған астаналық электр маманы жадынан айырылған: туыстары өтемақы талап етуде
видеодан скриншот

Астанада жұмыс кезінде сегіз метр биіктіктен құлаған электр маманы ауыр жарақаттан кейін өз есімін және қайда жұмыс істегенін ұмыта бастаған. Жақындарының сөзінше, оқиғаға жұмыс беруші кінәлі деп танылғанымен, компания әлі күнге дейін емдеу шығындарын өтемеген, деп хабарлайды kznews.kz.

"Информбюро" бағдарламасының мәліметінше, 33 жастағы Қаныш Мадәлиев 2025 жылдың наурызында жұмыс берушінің тапсырмасымен нысанның электр жүйесін тексеруге барған. Жұмыс барысында ол сегіз метр биіктіктен құлап, омыртқасы мен жауырынын сындырған. Сондай-ақ оның миына ауыр зақым келген.

Қазір ер адам өздігінен өмір сүруге қабілетсіз. Туыстары оның есте сақтау қабілеті нашарлап, денсаулық жағдайы күн өткен сайын күрделеніп бара жатқанын айтады.

Қаныштың туысы Гүлзира Қоқанованың сөзінше, ол түнде ұйықтамайды, дәретін ұстай алмайды және жалғыз сыртқа шықса, үйіне қайтар жолды таба алмай қалады.

«Қазіргі уақытта оған тұрақты түрде күтім қажет. Алайда жұмыс істеген мекемесі тарапынан ешқандай көмек көрсетілген жоқ», – дейді туысы.

Еңбек инспекциясы жүргізген тексеру нәтижесінде жұмыс берушінің қауіпсіздік талаптарын сақтамауы өндірістік жарақатқа себеп болғаны анықталған. Осыған байланысты компания зардап шеккен қызметкердің емделу шығындарын өтеуге және еңбекке жарамсыз болған кезеңі үшін төлем жасауға міндеттелген.

Заңгер Ғалымжан Яхияевтің айтуынша, жұмыс беруші қызметкер толық сауығып, еңбекке жарамды болғанға дейін оның медициналық шығындарын көтеріп, ай сайын тиісті төлем жасап отыруы керек.

«Еңбек инспекциясының қорытындысына сәйкес мекеме барлық медициналық шығынды өтеп, қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге міндетті. Бірақ осы уақытқа дейін ешқандай қаражат төленбеген», – деді заңгер.

Астана қаласының полиция департаменті оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабына сәйкес тергеу жүргізілгенін мәлімдеді. Кейін қылмыстық құқық бұзушылық құрамы анықталмағандықтан, іс тоқтатылған.

Электр энергиясын таратумен айналысатын компания жағдайға қатысты ресми пікір білдірмеген.

Қазір ата-анасыз өскен Қаныш Мадәлиев Қызылорда қаласында ағасы мен жеңгесінің қамқорлығында тұрып жатыр. Жақындарының мәліметінше, ол алдағы уақытта психикалық денсаулық орталығында ем қабылдайды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер