Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Бидэлбаевич": Лавров Көшербаевтың тегін қате айтты

"Бидэлбаевич": Лавров Көшербаевтың тегін қате айтты

22 қазан күні Мәскеуде Ресей мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Ермек Көшербаевтың бірлескен баспасөз мәслихаты өтті. Жиынның басында Лавров қазақстандық әріптесінің тегін қате атады, деп хабарлайды Kznews.kz.
Іс-шара екі ел министрлерінің келіссөздерінен кейін ұйымдастырылған болатын.

– Құрметті ханымдар мен мырзалар, Біз Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Бидэлбаевич Көшербаевпен келіссөздер жүргіздік. Келіссөздер ашық әрі конструктивті өтті, – деді Лавров сөзінің басында.

Алайда, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орысша аты-жөні – Кошербаев Ермек Беделбаевич.

Айта кетейік, бұл Ресейдің жоғары лауазымды тұлғаларының Қазақстан саясаткерлерінің есімдері мен тектерін шатастырып айтуы алғаш рет болып отырған жағдай емес. Бұған дейін Владимир Путин де президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атын бірнеше рет қате атаған болатын.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.