KZNews.kz
Шоу-бизнес

Бибігүл Төлегенова Қарақат пен Қыдырәлінің тұңғышына құттықтау жолдады

Ayzhan Sylanova
Фото: ашық дереккөз

Қазақтың ән өнеріндегі аңыз тұлға, «қазақтың бұлбұлы» атанған Бибігүл Төлегенова танымал өнерлі жұп Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның тұңғыш ұлы Бекболатқа арнайы ақ батасын берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Айта кетерлігі, осыдан 25 жыл бұрын дәл осы Бекболаттың тұсауын да Бибігүл Ахметқызы кескен болатын. Сол бір ерекше сәт отбасы үшін ұмытылмас тарихи күн ретінде есте қалған.

Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында ұлының мерейлі жасын атап өтіп, жүрекжарды жазбасын жариялады.

«Бүгін тұңғышымыз @bolmanov86 25 жасқа толды. Аллаға сансыз шүкір! Бекболатымыздың тұсауын кезінде қазақ ән өнерінің абызы, аңыз тұлға Бибігүл Ахметқызы Төлегенова апамыз кесіп, ақ батасын берген еді. Бұл – жүрегімізде мәңгі сақталған ерекше күн. Жуырда ғана 96 жасқа толған аяулы апамыздан тағы да ақ бата алу бақыты бұйырды. Ұлым, туған күнің құтты болсын! Алдыңнан әрдайым ақжүрек жандар жолықсын, жүрегің иманға, ойың парасатқа толы болсын. Қадамың нық, жолың ашық болсын. Аңыз адамның батасы өмір бойы жебеп жүрсін», – деп жазды ол.

Өз кезегінде Бибігүл Төлегенова да жұлдызды жұпқа және Бекболатқа ізгі тілегін арнады.

«Қыдырәлі мен Қарақат, айналайындарым, балаларыңның үлкен азамат болып қалыптасып келе жатқанымен құттықтаймын. Бекболат, қарағым, кеше ғана тұсауыңды кескендей едім, міне, бүгін 25 жасқа толыпсың. Алла денсаулық берсін, жолың әрдайым ашық болсын», – деді аты аңызға айналған әнші.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары