KZNEWS.KZ
Қоғам

“Бесінші бала туғанын ұмытып қалған”: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты сот сараптама нәтижесі не дейді?

• Айжан Сыланова
Коллаж smartnews.kz

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында төрт адамның өліміне қатысты айып тағылған Сұлтан Сәрсемәлиевтің ісі бойынша сот отырыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Осы аралықта оның бұрынғы жұбайы, сондай-ақ марқұмдардың қызы және қарындасы Ақбаян Мұқанғалиеваның психикалық жағдайына қатысты нақты қорытынды әлі жарияланған жоқ

Ақбаян Мұқанғалиева бастапқыда Атырау қаласында тексеруден өтіп, кейін Алматыдағы стационарлық кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптамаға жолданған. Дегенмен жүргізілген зерттеулерден кейін де мамандар біржақты шешім шығармаған. Атырау облысы прокуратурасының мәліметінше, сарапшылар әйелдің жағдайын әрі қарай бақылап, қосымша диагностикалық жұмыстар жүргізуді ұсынған.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →