Зейнетақы жинағы: активтер артқанымен, салымшылар көбейген жоқ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бесағашта бойжеткенге интим ұсынған ер адам жұрттың жағасын ұстатты

Бесағашта бойжеткенге интим ұсынған ер адам жұрттың жағасын ұстатты

Әлеуметтік желіде Бесағашта түсірілген бейнежазба қызу талқыланып жатыр. Кадрларда көшеде келе жатқан бойжеткеннің соңынан мас күйіндегі ер адамның еріп, оған әдепсіз сипаттағы ұсыныстар жасағаны көрінеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бейнежазбаны оқиғаға куә болған адамдар түсіріп алған. Олардың айтуынша, ер адамның мас болғаны сыртқы әрекетінен байқалған. Ол бейтаныс қызға бірнеше рет тіл қатып, орынсыз сөздер айтқан.

Күтпеген жерден мұндай жағдайға тап болған бойжеткен ер адамның әрекетінен өзін жайсыз сезінген. Ал оқиға куәгерлері жағдайды сырттай бақылап, болған жайтты видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.

Бейнежазба көп ұзамай желіде тарап, қолданушылардың наразылығын туғызды. Желі қолданушылары қоғамдық орында өзге адамға мұндай сипатта тиісудің жол беруге болмайтын әрекет екенін айтып, ер адамның қылығын сынға алды.

Оқиғаға қатысты ақпараттың нақтылығын анықтау үшін редакция Алматы облысының полиция департаментіне ресми сауал жолдады.

Құқық қорғау органы азаматтың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Оқиғаның құқықтық бағасы мен өзге де мән-жайлары қосымша ақпарат берілгеннен кейін белгілі болады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.