Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті бес жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматының Астанаға экстрадицияланғанын хабарлады.
ҰҚК мәліметінше, күдікті шетелден Интерпол және Бас прокуратураның көмегімен елге жеткізілген.
Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
"Аталған тұлға аса ірі көлемде алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікке ілініп, 2021 жылдан бері тергеуден бой тасалап жүрген", – деп хабарлады ҰҚК.
Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалған.
Ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат әзірге жария етілмейтінін мәлімдеді.