“Кроссовкасы үлгіге сай емес”: Қазақстандық спортшы Азиададағы алтын медалінен айырылып қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)

Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Оқиға биыл 5 қыркүйек күні Өзбекстанның Наманган облысында болды

Өзбекстанның Наманган облысында мемлекеттік балабақшаның қызметкері 5 жасар бүлдіршінді зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Gazeta.uz мәліметінше, оқиға биыл 5 қыркүйек күні болған. Туыстарының айтуынша, балабақша қызметкері бес жасар бүлдіршінді бірнеше рет зорлаған. Ол мемлекеттік балабақшада шаруашылық меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Өзбекстанның президент әкімшілігі осы жағдайдан кейін балаларға жасалатын сексуалды әрекетке қатысты жазаны күшейтпек. Бұл туралы президент әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева телеграм каналында жариялады.

«Намангандағы трагедия жайлы естідім. Мұндай адам шошырлық қылмыстың жазасы ретінде, меніңше өлім жазасы қолданылуы керек. Өкінішке қарай, қазіргі заңда ол қарастырылмаған», – деп жазды Мирзиёева.

Ол өз сөзінде күдікті мен осы қылмысты жасауға мүмкіндік берген қызметкерлердің бәрі ең ауыр жазаға тартылады.

«Мұндай қылмысқа қатысты жазаны күшейту туралы заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс әзірлейміз», – дейді Саида Мирзиёева.

Күдік қазіргі уақытта қамауға алынды. Іс жауапты ведомстволардың бақылауында.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.