“Байдың балаларын қорғаштайды”: Депутат ішкі істер оргаодарына “тазарту” жүргізуді ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Бес жасында 25 келілік ұн таситын”: Еркебұлан Тоқтардың анасы желі қолданушыларын жылатты

“Бес жасында 25 келілік ұн таситын”: Еркебұлан Тоқтардың анасы желі қолданушыларын жылатты
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық файтер әрі актер Еркебұлан Тоқтар Армения астанасы Ереванда өткен Hype FC 28 турнирінде қырғызстандық қарсыласына есе жіберді. Оның анасы осы жеңілістен кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz MadeniPortal.kz сайтына сілтеме жасап.

"Еркебұлан 1995 жылдың 29 желтоқсанында туған. Ол біздің шетінеп кеткен ұлымыздан кейін өте қатты күткен баламыз болды. Туғанынан өте салмақты, жылап шаршатпайтын. Өзінен кейін туылған Әділ-Еріме бірден қамқор болып өсті, қасымда қолқанатым болып, еңбекпен  өсті. Шанамен қасымда жүріп үйге алған ұнымды таситын бес жасында. 25 келілік. Айта берсем таусылмайтын әңгіме. Жаным балам, Алланың көзі тура болсын, сен біз үшін ең қымбатты, ең  мықты,ең құрметті ұлымызсың! Саған екі дүниеде де ризамыз! Денің сау, аман-есен күліп ойнап жүруіңді Алла нәсіп етсін! Екі дүние бақытын нәсіп етсін", - деп жазды актердің анасы.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.