KZNews.kz
Қоғам

«Бес баланың анасын себепсіз психбольницаға жапқан»: Балаларын жетімдер үйіне жіберген

Айжан Сыланова
Фото: видео скриншот

Қорыққан балалар қоғамнан көмек сұрап видео түсірді.

«Біз бұл видеоны көмек сұрау үшін жазып отырмыз. Біз — бес баламыз. Қазір Актөбедегі “Аяла” орталығындамыз. Анамызды бір күннің ішінде психбольницаға алып кетті», — дейді үлкен қызы.

Балалардың сөзінше, отбасындағы жанжал мұраға талас салдарынан шыққан.

Қазір олар анамыздан біржола айырылып қаламыз ба деп қорқамыз дейді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →