Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бергей Рысқалиев Лондонда емін-еркін серуендеп жүр – куәгер видеосы

Бергей Рысқалиев Лондонда емін-еркін серуендеп жүр – куәгер видеосы

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2180 0 0

Кезінде Атырау өңірін басқарған Бергей Рысқалиевті Қазақстан билігі сырттай 17 жылға соттаған  

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Желіде халықаралық іздеу салынған Атырау облысының бұрынғы әкімі Лондон көшелерінде емін-еркін жүргені жайлы видео таралып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Экс-әкімге ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, мемлекет қаржысын жымқырды, біреудің мүлкін заңсыз иемденді және тағы басқа да айыптар тағылған.

Бұрынғы шенеуніктің Ұлыбритания астанасының көшесінде емін-еркін жүрген видеосын саясаттанушы Ербол Еділовтің Instagram желісіндегі пеке парақшасына жүктеген.

Айта кетейік, 2019 жылдың қаңтарында Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен оның ағасы, экс-депутат Аманжан Рысқалиевке қатысты сот үкімі шыққан. Экс-әкім 17 жылға, оның ағасы 16 жылға бас бостандығынан айырылған, әрі олардың мемлекетке келтірілген шығыны 72 миллиард теңгеге бағаланған.

Бергей Рысқалиев пен Аманжан Рысқалиев 2012 жылы елден шығып кеткен. Оларға халықаралық іздеу жарияланған.


sputniknews.kz
Автор
Мадияр