ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Белгілі экстрасенс Мақпал Жүнісованың әшекейін ұрлаған әйелді сипаттап берді

Белгілі экстрасенс Мақпал Жүнісованың әшекейін ұрлаған әйелді сипаттап берді

Жақында Мақпал Жүнісова қымбат бұйымының қолды болғанын айтып, желіні шулатқан еді. Халық артисінің ойынша, бағалы әшекейді өзінің әріптесі немесе әншілердің қасында жүретін көмекшілердің бірі алған. Жүнісованың бұлай ойлауына себеп – әшекей “Ән мен әнші” концертінен кейін киіну бөлмесінде жоғалған.


 

Бұл орайда экстрасенс әрі психолог Назгүл Ермекқызы “Астана” арнасына берген сұхбатында ұрыны сипаттап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Экстрасенстің айтуына қарағанда, Халық артисі затын ұрлаған адамның кім екенін шамалап біледі.

“Жоғалған жері адам көп жүретін жер, сахнамен байланысты орын. Бұл кісі өзі де сезеді, біледі кім алғанын. Алған адам – әйел. Жасы 30-35 аралығындағы арықтау келген қыз. Шашын әрқашан бояп жүреді. Алған адамға қаражат керек болған. Алайын деп алған жоқ негізі, қатты жаны қиналғаннан алды.

Мақпал ханым өзі таниды, жобалап біледі. Әшекейі 7 айдың көлемінде алдына келіп қалуы мүмкін. Дәл қазір ол қыз әшекейді өткізейін бе, жоқ па деп ойлануда. Алғаннан кейін өзі де қысылып қалды”, – дейді Назгүл Ермекқызы.

Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын ұрылардың арбауына түскен Мақпал Жүнісова 11 қаңтар күні 55 жасқа толды. Анасының туған күніне қызы Мерей 101 раушан гүлін сыйлап қуантты. Ал Төреғали мен Ернар Айдар Халық артисіне өлең арнады.

Автор
Жандос