KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Белгілі бапкер Ильяс Оралбеков марқұм анасына арнап жүрекжарды жазба жариялады

• Қайсар Қанат

Бапкер анасының әр жеңісіне ерекше қуанып, алғашқылардың бірі болып құттықтайтынын еске алған.

"Анадан асқан қамқор жоқ, анадан асқан жан ашыр жоқ... Әрбір жеңісіме менен артық қуанып ең бірінші болып құттықтайтын. Енді әр жеңісімде сол құттықтауыңызды, жылы сөзіңізді сағынамын. Анаң барда арқаң кең, көңілің тыныш екенгой. Орныңыз ешқашан толмайды жатқан жеріңіз жайлы топырағыңыз торқа болсын, анашым. Алла тағала алдынан жарылқап, жаныңызды жаннаттан етсін", – деп жазды Ілияс Оралбеков Instagram парақшасында.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →