Песков: Президент Тоқаев - саяси тұрғыдан өте қуатты тұлға
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Белгілі бапкер Ильяс Оралбеков марқұм анасына арнап жүрекжарды жазба жариялады

Белгілі бапкер Ильяс Оралбеков марқұм анасына арнап жүрекжарды жазба жариялады

Боксшылар Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырханның бапкері Ілияс Оралбеков әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм анасына арнап жазба жариялады.

Бапкер анасының әр жеңісіне ерекше қуанып, алғашқылардың бірі болып құттықтайтынын еске алған.

"Анадан асқан қамқор жоқ, анадан асқан жан ашыр жоқ... Әрбір жеңісіме менен артық қуанып ең бірінші болып құттықтайтын.Енді әр жеңісімде сол құттықтауыңызды,жылы сөзіңізді сағынамын. Анаң барда арқаң кең,көңілің тыныш екенгой.
Орныңыз ешқашан толмайды жатқан жеріңіз жайлы топырағыңыз торқа болсын,анашым.Алла тағала алдынан жарылқап, жаныңызды жаннаттан етсін. Құрметті ағайын туыс бауырлар анамның 40 күндік асы 11 Қазанда сағат 13:00де Төлеби ауданы Сарқырама ауылында өтеді келіп құранда болыңыздар", – деп жазды Ілияс Оралбеков Instagram парақшасында.

Жазбада ол анасының 40 күндік асы 11 қазанда сағат 13:00-де Түркістан облысы Төлеби ауданының Сарқырама ауылында өтетінін де хабарлаған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер