Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Белгілі актер жұрттың көзінше дүкенді тонап кетті – видео

Белгілі актер жұрттың көзінше дүкенді тонап кетті – видео

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Бұрын-соңды ешқандай дау-жанжалға қалып көрмеген актер алғаш рет "заңбұзушылық" жасады

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Америкалық актер Том Хэнкс Jimmy Kimmel Live шоуында бәстесіп, Лос-Анджелестегі дүкенді тонап кетті. Шоудың үзіндісі YouTube желісінде жарияланған.

Шоу жүргізушісі Джимми Киммел атап өткендей, Хэнкс "қай жағынан алып қарасаң да, мінсіз әрі тым жақсы адам", бірде-бір рет басы дауға қалып көрген емес.

Актерге жақын маңдағы кәдесый дүкеніне кіріп, кез келген заттың ақысын төлемей алып кетуге ұсыныс айтылды. Хэнкс келісе кетіп, өзінің картон фигурасы мен бірнеше "Оскар" мүсінін тонады.

Тағы оқыңыз: Белгілі актер отандық кино саласының былығын жайып салды

"Мен Том Хэнкспін, мына мүсінді ұрлап кетемін", - деді ол дүкенді тонап жатып.

Кейінірек тауарлардың ақысын күзетшісі төлепті.

Том Хэнкс үздік ер адам рөлі үшін екі мәрте "Оскар" жүлдесін иеленген ("Форрест Гамп", "Филадельфия"). Актер "Жасыл миля", "Гудзондағы ғажайып", "Шамаң жетсе, ұстап ал"  фильмдері арқылы көпшілікке танылды.


sputniknews.kz
Автор
Арман