«Өнер қырандары» әзіл-сықақ театрының директоры Мадияр Серікбаев актер Мелс Наурызбековтің денсаулық жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның айтуынша, актердің беліне операция жасалған. Дәрігерлер оған алты ай бойы тынығуды ұсынғанымен, Мелс Наурызбеков гастрольдік сапарларға қатысуды жалғастырған.
«Мелс денсаулығына байланысты төсек тартып қалды. Операциядан кейін дәрігерлер ұзақ уақыт қозғалысты шектеуге кеңес берген. Соған қарамастан, ол концерттерге шықты. Қазір жағдайы қиындап, белден төменгі аяқтарының қозғалысы нашарлаған. Концерттерге ауырсынуды басатын дәрілердің көмегімен қатысып жүрді», – деді Мадияр Серікбаев.
Театр директоры актердің қазіргі таңда өздігінен тұра алмай жатқанын айтып, көпшіліктен оның сауығып кетуі үшін дұға жасауды сұрады.