Ертісбаев үлкен саясаттан кететінін мәлімдеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бекзат Алмахан жаңа ММА лигасымен келісімшартқа отырды

Бекзат Алмахан жаңа ММА лигасымен келісімшартқа отырды
Бекзат Алмахан. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC

Қазақстандық ММА файтері Бекзат Алмахан мансабын Грузияның RKENA промоушенінде жалғастырады. Спортшының жаңа лигамен келісімшартқа отырғанын промоушеннің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

RKENA ұйымы қазақстандық файтерді ресми түрде таныстырып, оны лиганың жаңа мүшесі ретінде қарсы алды.

«Қазақстанның үздік файтерлерінің бірі Бекзат Алмаханды RKENA отбасына қарсы алайық!» – делінген промоушеннің Instagram парақшасында.

Бекзат Алмахан 13 тамызда келісімшарты аяқталғаннан кейін UFC ростерінен шығарылған болатын.

Қазақстандық спортшының UFC-дегі дебюті 2024 жылдың наурызында өтті. Ол қысқа мерзімде ұсыныс қабылдап, сол сәтте жеңіліс көрмеген ресейлік Умар Нурмагомедовпен жекпе-жекке шықты. Алмахан бірінші раундта қарсыласын нокдаунға түсіргенімен, үш раунд қорытындысында төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіліске ұшырады.

Ал UFC-дегі алғашқы әрі жалғыз жеңісін Бекзат 2025 жылдың мамырында тіркеді. Ол канадалық Брэд Катонаны бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Одан кейін қазақстандық файтер 2025 жылдың қарашасында Александр Топурияға, ал 2026 жылдың маусымында бразилиялық Жан Мацумотоға есе жіберді.

Бекзат Алмахан енді мансабының жаңа кезеңін Грузияның RKENA промоушенінде бастайды.

RKENA – 2025 жылдың қазанында құрылған ММА ұйымы. Лига турнирлерін негізінен Тбилисидегі Спорт сарайында өткізеді.

Промоушен осы уақытқа дейін үш ірі турнир ұйымдастырған. Rkena FC 1 турнирі 2025 жылғы 29 қарашада өтсе, Rkena FC 2 – 2026 жылғы 14 наурызда, ал Rkena FC 3 – 2026 жылғы 16 мамырда ұйымдастырылды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер