SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды: борттан ақау табылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бектенов жылуға қатысты шағым көбейген үш қаланы атады

Бектенов жылуға қатысты шағым көбейген үш қаланы атады
Фото Depositphotos.com

Қазақстанның үш қаласында тұрғындар жылу беру сапасына және оның уақытша тоқтатылуына шағымданып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, қазір еліміздің барлық өңірінде жылу бекітілген кестеге сәйкес беріліп жатыр. Алайда кейбір қалаларда тұрғындар жылудың жеткіліксіздігіне және оның үзіліп қалуына қатысты мәселелерді көтерген.

«Тұрғындар жылу сапасына және оның өшірілуіне байланысты шағымданып жатыр. Атап айтқанда, Ақтау, Павлодар және Петропавл қалаларынан өтініштер түсті», – деді Олжас Бектенов.

Осыған байланысты Премьер-министр өңір әкімдеріне жылыту маусымының өтуін бақылауға жауапты штабтардың жұмысын күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ ол тұрғындардан түскен шағымдарға жедел назар аударып, жылумен қамту мәселелерін уақытылы шешу қажеттігін айтты.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі