"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бектенов жекеменшік мектептер мен медициналық ұйымдарды субсидиялауда алаяқтық кеңінен тарағанын айтты

Бектенов жекеменшік мектептер мен медициналық ұйымдарды субсидиялауда алаяқтық кеңінен тарағанын айтты
Фото: istockphoto.com

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік сала басым бағыт болып қала беретінін айтып, министрліктерге жекеменшік мектептер мен медициналық ұйымдарды субсидиялаудағы алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды пысықтауға бір апта уақыт берді, деп хабарлайды kznews.kz.

“Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалатын болады. Сұхбаттың ауқымды бөлігі әлеуметтік мәселелерге арналған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалатын болады". - деді Олжас Бектенов.
 
Бұл ретте Премьер-министр Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне бір апта ішінде жекеменшік мектептер мен жекеменшік медициналық ұйымдарды субсидиялау саясатын қайта қарауға қатысты нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

"Сонымен қатар жекеменшік мектептер мен жекеменшік медициналық ұйымдарды субсидиялау саясатын қайта қарау қажеттігіне назар аударылды. Артық қаржыландыруды тоқтату қажет. Адал бәсекелестікте жұмыс істей алмаса бізге мұндай бизнестің қажеті бар ма? Бұл салада алаяқтық кеңінен таралып кеткені бәріне мәлім. Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне бір апта ішінде аталған мәселелерді шешуге қатысты нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын", - деді Үкімет басшысы.

Одан бөлек Бектенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, жәрдемақылар мен төлемдерді тағайындау кезінде алаяқтық жағдайларды болдырмауға бағытталған кешенді шараларды қарастыруды тапсырды.

Айта кетейік, кеше «Turkistan» газеті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас редактор Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбатын жариялады. Президент елдің ішкі және сыртқы саясатына, әлеуметтік-экономикалық дамуына және өзге де өзекті тақырыптарға қатысты сұрақтарға жауап берді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі