KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Бекболат Тілеухан Жүрсін Ерманға "бетін көрсеткені үшін" 60 мың доллар берді

• Әлихан

Айтыс жүргізушісі, ақын Жүрсін Ерман гонорары туралы сөз қозғады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Журналист Нартай Аралбайұлының "Бір айтысты жүргізгеніңіз үшін қанша теңге аласыз?” — деген сұрағына:

"Ақорда деген қозғалыс құрылды бір кезде. Қайрат Сатыбалды құрып, Бекболат Тілеухан соның қасында жүретін еді. Ақорда өзін қолдайтынын білді де айтыс ақындарын құрамыз деп, мені 5-6 облысқа алып барды. Бекболат Тілеухан інім "бетіңізді көрсеткеннің өзі — 10 мың доллар, 6 облысқа барғанда алтаудан 60 мың доллар аласың" деп бағамды солай көтеріп беріп еді. Қазір менде ол ақша жоқ, түсіп қалды”, — деді Жүрсін Ерман.

Әлихан
Журналист
Автордың басқа материалдары →