KZNews.kz
Шоу-бизнес

Бейбіт Атамқұлов пен Сергей Лавров телефон арқылы сөйлесті - Ел жаңалықтары

KZNEWS

Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлері Бейбіт Атамқұлов пен Сергей Лавров телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлер екіжақты форматтағы және көпжақты құрылымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сұхбаттастар Қазақстан-Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путин өткізіп жатқан бағдарын іске асырудағы бірлескен жұмысын жалғастыруға дайындығын білдірді.

Сұхбат барысында Қазақстан-Ресей өзара әрекеттесудің бірқатар өзекті тақырыптары мен алдағы кездесулердің кестесі талқыланды.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары