KZNEWS.KZ
Қоғам

Бейімбет Майлиннің мойнына шығып суретке түскендер өз жазасын алды

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы журналист әрі қоғам белсендісі Дүйсенәлі Әлімақын әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, Астана қалалық полициясы Қаламгерлер аллеясындағы ескерткішке құрметсіздік танытқан қызды анықтаған.

«Полиция қызметкерлері 18 жастағы Астана тұрғынын анықтап, “Байқоңыр” аудандық полиция басқармасына жеткізді. Құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Материалдар сотқа жолданды», – деп жазды Дүйсенәлі Әлімақын.

Полиция өкілдері мәдениет және тарихи мұра нысандарына құрметпен қарау қажеттігін ескертіп, мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін мәлімдеді.

Сондай-ақ ведомство ескерткіштер мен тарихи мұра объектілерін қасақана бүлдіру вандализм ретінде бағаланатынын және заң аясында, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін еске салды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →