V Азия Пара ойындары аяқталды: ұлттық құрама 50 медаль еншіледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Бажасы емес, енді інісі»: Жұмабек Жанықұл асабаны кездесуге шақырды (ФОТО)

«Бажасы емес, енді інісі»: Жұмабек Жанықұл асабаны кездесуге шақырды (ФОТО)
фото: ашық дереккөз

Асабаның айтуынша, Жұмабек Жанықұл оны кездесуге арнайы шақырып, ағалық құрметін көрсеткен.

Жұмабек Жанықұл құлағынан шерткен асаба Нұрбек Саламатов кәсіпкермен кездескенін айтып, әлеуметтік желіде видео жариялады, деп хабарлайды kznews.kz

Асабаның айтуынша, Жұмабек Жанықұл оны кездесуге арнайы шақырып, ағалық құрметін көрсеткен.

«Құлақтан теуіп кететін ағаларға қарағанда, құлағыңнан шертіп кететін аға мың есе артық па деп қоямын. Жұмабек аға кездесуге шақырып, ағалық құрметін көрсетті!

“Інім, сенің дұрыс түсінгеніңе қуаныштымын. Ініңнің құлағынан шерту қоғамда осылай талқыланатынын білмеппін. Әйтпесе, мен өзімнің інілерімнің құлағынан шерпек түгілі, беттерінен де тістеп қоямын. Өзіме жақын тартқан соң, жақсы көрген соң”, – деп күлді.

Жақсы іні бола білетін жігіт екенсің, бұйыртса, жақсы аға болатынына да сенемін, болашағың жарқын болсын деп тілегін білдірді.

Мен де ағалық білдіріп, қарапайымдылық танытып, кездесуге шақырғанына рахметімді айтып тарқастық. Жұмабектің бажасы емес, енді Жұмабектің інісі деген сөз хит», – деді асаба.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.