KZNews.kz
Әлеумет

“Базарға өзім барып, саудаласамын”: Сауда минисирі жаңа жылға қанша қаржы жұмсайтынын айтты

Ayzhan Sylanova
Фото: saudagovkz

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Мәжіліс кулуарында отбасының жаңа жылдық дастарханына қанша қаржы жұмсалатынын айтты. Оның сөзінше, биыл да мерекелік ас мәзірінің басты тағамы – дәстүрлі бешбармақ. Ал жалпы шығынды көбіне жұбайы жоспарлайды, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрдің айтуынша, олардың отбасында жаңа жылдық дастарханға шамамен 100–120 мың теңге қарастырылған. 

«Әріптесім 73 мың теңге деп есептепті. Бірақ бізде отбасы үлкендеу, сондықтан шығын көбірек болады», – деді ол.

Журналистердің базарда саудаласу жайлы сұрағына Шаққалиев мұны қалыпты жағдай деп жауап берді. «Мен базарға өзім барып, саудаласамын. Бұл – күнделікті тәжірибе», – деді министр. Сондай-ақ тұрақты сатып алушы болғандықтан, кей сатушылар жеңілдік жасайтынын да атап өтті.

Айта кетейік, Үкіметтің мәліметінше, жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасында айтарлықтай өсім жоқ. Сауда комитетінің дерегіне сәйкес, 37 атаудан тұратын мерекелік азық-түлік себетінің құны биыл шамамен 70 мың теңге деңгейінде қалып отыр.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары