Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Батыс Қазақстанда тағы да дрон құлады

Батыс Қазақстанда тағы да дрон құлады
Фото: Мой город

Батыс Қазақстан облысында дронның бөлшектеріне ұқсас заттар табылды. Ақпарат алғашында мессенджерлерде тарады, кейін оны полиция растады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары Ақжайық ауданынан табылған. Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр – нысанның қайдан пайда болғаны және нақты не болғаны анықталып жатыр.

– Нысан елді мекеннен тыс жерден табылды. Барлық мән-жай анықталып жатыр, – деп хабарлады БҚО ПД.

Бұл өңірде мұндай оқиға алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. 2025 жылдың күзінде Бөрлі ауданындағы Қызылтал ауылы маңында әскери зарядпен жабдықталған дрон жарылып, оқиға орнында шұңқыр қалған. Сол кезде көршілес Орынбор облысында әуе дабылы жарияланған. Бұған дейін де құлау фактілері тіркелген, мысалы, наурыз айында Жәнібек және Тасқала аудандарында. Ал бір жағдай Бөкейорда ауданында болған. Қайталанып отырған осындай жағдайларға қарамастан, Қорғаныс министрлігі жүргізген тергеулердің ресми қорытындылары әлі күнге дейін жарияланған жоқ.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.