Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Сабақтың тақырыбы: Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері аумағының құрамы, геосаяси жағдайы, шаруашылығының жалпы сипаты
Бағыты: География Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 11 сынып
| Қысқа мерзімді жоспарлау | |
| Пәні | География |
| Сыныбы | 11ә |
| Сабақтың тақырыбы: | Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері аумағының құрамы, геосаяси жағдайы, шаруашылығының жалпы сипаты |
| Сабақтың мақсаты: | Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері туралы білім беру. |
| Сабақтың міндеті: | Батыс еуропаның мемлекеттеріне сипаттама беру және салыстыруТоптық жұмыс жасай отырып ойлау, өз пікірін еркін айта білу дағдыларын дамытуАлтын ережені сақтай отырып, тапсырмалар бойынша ортақ шешім қабылдай білуге тәрбиелеу. |
| Күтілетін нәтиже: | Оқушылар Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері жөнінде біледі.Батыс Еуропаның құрамындағы мемлекеттерді талдайдыӨздігінен білім алу қабілеттері дамиды.Картаға қарай отырып тақырып бойынша тапсырмаларға сипаттама жаза алады; Өз ойларын жазып, салыстырып, ортақ қорытындыға келеді. |
| Сабақта қолданылатын әдістер: | Топтық жұмыс |
| Сабақта қолданылатын модульдер: | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерОқыту үшін бағалау және оқуды бағалауОқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалануДиалогтік оқытуЖас ерекшеліктеріне сәйкес оқытуСТО |
| Бағалау әдістері: | Өзін-өзі бағалауы, Температураны өлшеу, Бағдаршам арқылы бағалау, бағалау парағы |
| Тақырыпты ашуға қолданылатын әдіс-тәсілдер, стратегиялар: | «Жүректен - жүрекке» «Элективті тест», «Идеялар себеті», «Кім жылдам?», «Рефлексия пирамидасы», |
| Негізгі дерек көздері мен құрал-жабдықтар: | Оқулық, Интернет материалдары, тақырыптық суреттер мен таныстырылым, стикерлер түрлі-түсті, атлас карта, кескін карта, дидактикалық таратпа материалдар |
| Сабақ кезеңдері | Мақсаты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Ұйымдастыру кезеңі | Сыныпты ұйымдастырып, оқушылар зейінін тұрақтандыру.Жылы қарым-қатынасты орнықтыруСыныпты топқа бөлу | Сыныпты топқа бөлуде а,б,с белгілерін қолданамынІ топ БельгияІІ топ НорвегияІІІ топ ПортугалияПсихологиялық ахуал орнату «Жүректен - жүрекке»Бағалау парақтарын тарату | Оқушылар қолдарындағы белгілер бойынша топқа бөлінеді. Топтар жүрекке бір сөзбен тілек жазып келесі топқа береді |
| Үй тапсырмасын тексеру | Теориялық материалды еске түсіру арқылы оқушының қызығушылығын ояту | «Элективті тест» тапсырмасымен тексеремін | Оқушылар алдарындағы парақтағы тест бойынша қолдарындағы белгілерді көтереді |
| БілуТүсіну | Тақырыптың мақсаты мен міндетін ашу. | «Идеялар себеті» арқылы диалог орнатуСтикерге бүгінгі сабақта біз қандай мәліметтермен танысатынымыз туралы ойларыңызды жазып, себетке іліңіздер | Оқушылар стикерге бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын жазады |
| Қолдану | Географиялық нысандар атауынесте сақтау. | «Кім жылдам?» ойыны бойынша кестені толтыруға және кескін картаға астаналарды түсіруге тапсырма береді | Тапсырмалар бойынша мемлекеттердің астаналарын кестеге жазады және кескін картаға астаналарын түсіреді |
| Талдау | Постер қорғау. | Топқа тапсырмалар беруІ топ-Батыс Еуропаның құрамындағы мемлекеттерІІ топ-ЭГЖ, ХалқыІІІ топ- -шаруашылығы мен ішкі айырмашылықтары | Оқушылар топтық жұмыс тапсырмасын картаға қарап орындайды және постерге шағын ақпаратпен түсіріп қорғайды |
| Жинақтау | Жаңа тақырып бойынша білімдерін тұжырымдау | Дәптермен жұмыс тапсырмасын орындауға тапсырма беремін | Мәтінді қолдана отырып Еуропалық Одаққа кіретін елдерді дәптерге жазады |
| Бағалау | Жаңа тақырып бойынша өз ойларын жеткізе білуі | Мәтінді қолдана отырып Батыс Еуропа мемлекеттерінің даму дәрежесіне баға беруді ұсынады | Мәтінді қолдана отырып Батыс Еуропа мемлекеттерінің даму дәрежесіне баға береді |
| Үй тапсырмасы | Картамен жұмысШығармашылық тапсырмалар | ||
| Кері байланыс | Сабақ соңындағы оқушылардың көңіл-күйлерін анықтау | Оқушыларға кері байланысты орындатады«Рефлексия пирамидасы» | Оқушылар «Рефлексия пирамидасы» кері байланысын орындайды |
| Сабақтан кейін ойланатын сұрақтар: | |
| Не сәтті болды? | |
| Не сәтті болмады? | |
| Нені жақсартуға болады? | |
| Мен өз дағдыларымда нені дамыта алдым? Нені өзгертуге болады? |
«Кім жылдам?»
| № | Мемлекеттер | Астанасы |
| 1. | Бельгия 1-ТОП | Брюссель |
| 2. | Нидерланды | Амстердам |
| 3. | Австрия | Вена |
| 4. | Швейцария | Берн |
| 5. | Ирландия | Дублин |
| 6. | Норвегия 2-ТОП | Осло |
| 7. | Швеция | Стокгольм |
| 8. | Дания | Копенгаген |
| 9. | Финляндия | Хельсинки |
| 10. | Исландия | Рейкьявик |
| 11 | Португалия 3-ТОП | Лиссабон |
| 12 | Испания | Мадрид |
| 13. | Грекия | Афины |
| 14. | Лихтенштейн | Вадуц |
| 15. | Мальта | Валлетта |
2. Италияны басқару формасы:Б. Парламенттік республика
3. Италияның мемлекет басшысы:С.Президент
4. Италия халқының орналасу тығыздығы:А. 1 км2/199 адам
5. Ұлттық табыс көлемі жағынан дүниежүзінде қаншасыншы орында?С. 5
6. Экономикасындағы негізгі салаларыА. тігін, тамақ
7. Италияның басты саласыС. машина жасау
8. Ауылшаруашылығындағы жетекші саласы - Б. Өсімдік шаруашылығы
9. Оңтүстігі мен солтүстігін байланыстыру мақсатында салынған дүниежүзіндегі тұңғыш кең жол - Б. Күн жолы
10. Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас қай жылдан басталды?А. 1992ж «Кім жылдам?»
| № | Мемлекеттер | Астанасы |
| 1. | Бельгия 1-ТОП | |
| 2. | Нидерланды | |
| 3. | Австрия | |
| 4. | Швейцария | |
| 5. | Ирландия |
«Кім жылдам?»
| № | Мемлекеттер | Астанасы |
| 1 | Норвегия 2-ТОП | |
| 2 | Швеция | |
| 3 | Дания | |
| 4 | Финляндия | |
| 5 | Исландия |
«Кім жылдам?»
| № | Мемлекеттер | Астанасы |
| 1 | Португалия 3-ТОП | |
| 2 | Испания | |
| 3 | Грекия | |
| 4 | Лихтенштейн | |
| 5 | Мальта |
Топтық жұмыстағы «Алтын ереже»1. Уақытты тиімді пайдалану2. Бір – бірін тыңдау және тыңдату3. Топтық келісімді сақтау4. Бағалауды ұмытпау5. Сыни тұрғыдан бір – бірінің қателіктерін түзету.
1. Италияның жалпы жер аумағы:А. 301,3 мың км2Б. 10,5 млн км2С. 285 мың км2
2. Италияны басқару формасы:А. Федеративті республикаБ. Парламенттік республикаС. Конституциялық монархия
3. Италияның мемлекет басшысы:А. Премьер-министрБ. ПатшаС.Президент
4. Италия халқының орналасу тығыздығы:А. 1 км2/199 адамБ. 1 км2/293 адамС. 1 км2/183 адам
5. Ұлттық табыс көлемі жағынан дүниежүзінде қаншасыншы орында?А. 3Б. 4С. 5
6. Экономикасындағы негізгі салаларыА. тігін, тамақБ. Құрылыс, машина жасауС. Тігін, құрылыс
7. Италияның басты саласыА. тігінБ. өндіріс шикізаттарынС. машина жасау
8. Ауылшаруашылығындағы жетекші саласы - А. Мал шаруашылығыБ. Өсімдік шаруашылығыС. Омарта шаруашылығы
9. Оңтүстігі мен солтүстігін байланыстыру мақсатында салынған дүниежүзіндегі тұңғыш кең жол - А. Құс жолыБ. Күн жолыС. Құм жолы
10. Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас қай жылдан басталды?А. 1992жБ. 1995жС. 1997ж 1. Италияның жалпы жер аумағы:А. 301,3 мың км2Б. 10,5 млн км2С. 285 мың км2
2. Италияны басқару формасы:А. Федеративті республикаБ. Парламенттік республикаС. Конституциялық монархия
3. Италияның мемлекет басшысы:А. Премьер-министрБ. ПатшаС.Президент
4. Италия халқының орналасу тығыздығы:А. 1 км2/199 адамБ. 1 км2/293 адамС. 1 км2/183 адам
5. Ұлттық табыс көлемі жағынан дүниежүзінде қаншасыншы орында?А. 3Б. 4С. 5
6. Экономикасындағы негізгі салаларыА. тігін, тамақБ. Құрылыс, машина жасауС. Тігін, құрылыс
7. Италияның басты саласыА. тігінБ. өндіріс шикізаттарынС. машина жасау
8. Ауылшаруашылығындағы жетекші саласы - А. Мал шаруашылығыБ. Өсімдік шаруашылығыС. Омарта шаруашылығы
9. Оңтүстігі мен солтүстігін байланыстыру мақсатында салынған дүниежүзіндегі тұңғыш кең жол - А. Құс жолыБ. Күн жолыС. Құм жолы
10. Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас қай жылдан басталды?А. 1992жБ. 1995жС. 1997ж Нидерланд. Нидерланд патшалығы (бейресми атауы – Голландия) – Батыс Еуропадағы мемлекет. Батысында Бельгиямен, оңтүстігінде және шығысында Германиямен шектеседі. Солтүстігінде Солтүстік теңізбен шайылады. Жер аумағы 41532 км². Нидерланд – король (патшайым) басқаратын конституциялық монархия. Жоғары заң шығарушы органы екі палатадан (бірінші және екінші) тұратын Бас Штаттар. Астанасы – Амстердам қаласы (үкімет резиденциясы Гаага қаласында орналасқан). Әкімшілік жағынан 12 провинцияға бөлінеді. Ірі қалалары: Роттердам, Нага, Эйндховен, Бреда, Утрехт. Ақша бірлігі – еуро (2002). Ұлттық мейрамы – Патшайым күні (патшайым Беатрикстің таққа отырған және оның анасы Юлиананың туған күні) – 30 сәуір.Нидерланд аумағының көпшілік бөлігін ойпатты жазықтар (40%) алып жатыр. Оңтүстік-батысында Арденн сілемдері орналасқан (ең биік нүктесі – Ваалсберг тауы – 321 м), қысы мен жазы жылы, жұмсақ теңіздік климат. Қаңтардағы орташа температурасы 1 – 30С, шілдеде – 16 – 170С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 650 – 750 мм-ге тең. Нидерландта өте тығыз өзен тораптары (Рейн, Маас, Шельда өзендерінің атыраулары) бар. Аумағының 70%-ын мәдени жер бедері (егіндіктер, қолмен егілген шабындықтар), 9%-ын ормандар (қылқан жапырақты, ірі жапырақты) алып жатыр. Ормандарын ақ тиін, сусар, күзен, қоян, елік, тағы басқа аңдар, құстардың 180-дей түрі мекендейді. Кен байлықтарынан мұнай, табиғи газ, шымтезек, ас тұзы, каолин кездеседі.Халқы 16 млн. Тұрғындарының 96%-ы голландықтар. Орташа орналасу тығыздығы – 378,5 адам/1 км2. Ұдайы өсуі – 4 адам. Орташа өмір сүру жасы: ерлер– 76 жас, әйелдер– 81 жас. Урбандалуы – 78%. Ресми тілі – нидерланд (голланд) тілі. Халқының 50%-ға жуығы – католиктер, 40%-ға жуығы – протестанттар, атеистер – 20%.Нидерланд – экспортқа бейімделген жоғары өнімді ауыл шаруашылығы бар, дамыған өнеркәсіпті ел. Экономикасында сыртқа капитал шығару, сыртқы сауда, теңіз транспорты маңызды орын алады. Мұнай, табиғи газ өндіріледі. Өнеркәсіптің жетекші салалары: мұнай өңдеу (органикалық химия өнімдерін өндіру), мұнай-химия, машина жасау, кеме және ұшақ, газ және химия өнеркәсібіне қажетті құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер жасау, металлургия мен металл өңдеу, электротехника (Нидерланд – дүние жүзіндегі бейне және дыбыс аппаратураларын шетке шығаратын ең ірі мемлекеттердің бірі), дәмдік тағамдар шығару. Алмас пен қымбат бағалы тастарды өңдеу бұрыннан жақсы дамыған сала болып есептеледі. Ауыл шаруашылығында етті-сүтті ірі қара өсіру басым. Нидерланд – дүние жүзіндегі сүт пен сүт өнімдерін сыртқа ең көп шығаратын мемлекеттердің бірі (сары майдың дүниежүзілік экспортының 1/5; қоюлатылған сүттің 1/2 ; құрғақ сүттің 1/4; ірімшіктің 1/4 бөліктері Нидерландның үлесіне тиеді). Сондай-ақ сыртқа көп мөлшерде шошқа, құс етін, жұмыртқа, темекі, арақ-шарап пен сыра шығарады. Жылыжайда көкөніс пен жеміс-жидек (жылыжайлардың көлемі жөнінен дүние жүзіндегі алғашқы орындардың бірін иеленеді), гүлдер мен гүл түйнектерін (жылына 2 млрд-тан астам қызғалдақ түйнектерін шет елдерге сатады), саңырауқұлақтар өсіру жақсы дамыған. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары – бидай, картоп, қант қызылшасы. Балық аулау, шетелдік туризм де қазынаға елеулі пайда келтіреді.
Испания. Испания патшалығы – Еуропаның Оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің көп бөлігін және Жерорта теңізіндегі Балеар, Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдарын иеленеді. Жер көлемі 505,9 мың км2. Испанияға, сондай-ақ, Солтүстік Африка жағалауларындағы Сеут және Мелилья қалалары мен оларға жақын жатқан Велесде-ла-Гомера, Алусемас, Чафаринас аралдары да қарайды. Солтүстігінде – Пиреней тауы, оңтүстігінде – Андалуз жазығы. Ең биік нүктесі Буласен тауы. Басты өзендері Тахо, Эбро, Гвадалквивир. Климаты – субтропикалық, жерортатеңіздік. Орта температурасы+160.Халқы 40 млн. астам. Негізінен, испандар, католондар, галисилер, баскилер, т.б. Орналасу тығыздығы - 79 адам./1 км2. Убандалуы 76,79%. Ұдайы өсуі – 6 адам. Орташа өмір сүру жасы: ерлер – 75 жас, әйелдер – 81 жас. Ресми тілі – испан тілі. Автономиялық құрылымдарда католон, баски, галиси, т.б. тілдер қолданылады. Ел 17 автономиялық құрылымдардан тұрады. Діні - католик дінін ұстанады. Астанасы – Мадрид қаласы.Ірі қалалары Барселона, Валенсия, Севилия. Ұлттық мейрамы 12 қазан – Испан ұлты күні (Христофор Колумбтың 1492 жылы Американы ашқан күні). Ұлттық ақшасы – песета.Өнеркәсіптің көлемі жағынан Испандар Батыс Еуропада 5-орын, дүние жүзі бойынша 8-орын алады. Елде машина, кеме жасау, ұшақ шығару, электротехникасы, химия, тоқыма өндірістері жақсы дамыған. Соңғы жылдары тау-кен өндірісі жыл сайын кеміп, оның орнына электронды жабдықтар өндірісі дамуда. Ел пайдалы қазбаларға бай, бірақ 100-ден аса қазбалардың тек 16-сы ғана өндіріледі. Ауылшаруашылығы жақсы дамыған. Шарап (дүние жүзінде 3-орында), цитрустік жемістер, бидай, күріш, темекі, көкөніс, т.б. өсіріледі. Зәйтүн майын шығарудан Испандар дүние жүзінде 1-орында. Мал ш. да жақсы дамыған. Теңізден балық аулау мен теңіз азық-түліктерін пайдаланудан дүние жүзіндегі алғашқы ондыққа кіреді. Елге туризм үлкен табыс әкеледі. Жыл сайын Испанияға 62 млн. шет ел туристері келеді. Испания мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы орнады. 1998 жылы 13 ақпанда И. королі Хуан Карлос Қ Алматыда болып қайтты. 2000 жылы 30 қазанда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ресми сапармен Испанияда болып, король Хуан Карлос Қ-мен және үкімет төрағасы Хосе Мария Азнармен кездесті.
І топ-Батыс Еуропаның құрамындағы мемлекеттер
ІІ топ-ЭГЖ, Халқы
ІІІ топ- -шаруашылығы мен ішкі айырмашылықтары
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.