KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

«Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков өнерден неге кеткісі келгенін айтты

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Әнші Қайрат Түнтеков әлеуметтік желідегі парақшасында өмірі мен шығармашылығы туралы сыр шертіп, оқырмандарына жазба арнады. Өнер иесі кей кездері сахнадан кетіп, әншілікті мүлде тоқтатқысы келген сәттері болғанын мойындады, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің айтуынша, осы уақытқа дейін өмірінде талай қуанышты да, қиын кезеңді де бастан өткерген. Тіпті кейде барлығын тастап, шығармашылықтан алыстауды ойлаған. Алайда өнерден біржола қол үзу оған оңай болмаған.

Қайрат Түнтеков сахна мен әннің өз өмірінде алатын орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ тыңдармандарының ықыласы мен қолдауы оған алға қарай жүруге күш беретінін жеткізді.

«Басымнан талай жағдай өтті. Қуаныш та болды, қиындық та болды. Кейде бәрін тастап, үнсіз қалғым келген сәттер де аз емес. Бірақ өнерден біржола кете алмадым. Өйткені ән — менің өмірімнің бір бөлшегі. Сахна — менің орным. Ал сіздердің қолдауларыңыз маған әрдайым күш береді», – деп жазды әнші.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →