KZNews.kz
Қоғам

Басты рөлді Қайрат Әділгерей сомдаған фильм прокаттан алынды

Ayzhan Sylanova

10 желтоқсанда көрермен назарына ұсынылған «Руың кім?» фильмі прокаттан алынып тасталады, деп хабарлайды kznews.kz.

Tiger Films продюсерлік орталығының ресми парақшасында фильмнің 18 желтоқсаннан бастап барлық кинотеатрларда көрсетілмейтіндігі жарияланды.

«Құрметті көрермен! «Руың кім?» фильмі белгілі себептерге байланысты 18 желтоқсаннан бастап еліміздің кинотеатрларында көрсетілмейтін болады. Бізбен бірге болып, қолдау көрсеткендеріңізге шын жүректен алғыс айтамыз!» – делінген хабарламада.

Фильмде басты рөлдердің бірін ойнаған актер Қайрат Әділгерей картинаның рулық араздық тудыруы мүмкін деген ойдан сақтық жасау үшін прокаттан алынғанын айтты.

«Кейбір адамдар трейлерді көріп, фильмнің мәнін дұрыс түсінбей, оны ру арасындағы қақтығыс тудыруы мүмкін деп ойлады. Шын мәнінде, фильм қазақты руға бөлмей, бірлік пен берекеге шақырады. Толық көрмейінше оның негізгі идеясын түсіну мүмкін емес», – деді ол.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары