Қоғам

Бас мүфти 2026 жылды «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялады

Торғын Абушахман Торғын Абушахман
Бас мүфти 2026 жылды «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялады
Фото: ашық дереккөзден

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне дәстүрлі Бағдарлық баяндамасын жолдап, 2026 жылды діни сала аясында «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
    — Ислам адамды тек Алла алдында ғана емес, қоғам алдында да жауапты болуға тәрбиелейді. Әрбір іс-әрекет үшін есеп берілетініне сену — адалдықтың ең биік көрінісі. Ақырет күніне иман келтіру адамды әділетсіздіктен, қиянаттан, жамандықтан сақтайды. Өйткені мұсылман адам ешбір ісінің ескерусіз қалмайтынын жақсы біледі. Ал қазіргі заманда бүкіл адамзат алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі — әділетсіздікпен күресіп, адал қоғам құру.  Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыру үшін 2026 жылды діни қызмет аясында «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялау туралы шешім қабылдадым. Бұл — әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам деп санаймын, — деді Бас мүфти.

Айта кетейік, жиынға Діни басқарма қызметкерлері, облыстардың бас имамдары, ҚМДБ Ақсақалдар, Ғұламалар, Сарапшылар кеңесі мен РАНТ мүшелері, зиялы қауым өкілдері, діни оқу орындарының басшылары мен ұстаздары оффлайн және онлайн форматта қатысты.

Еске сала кетейік, бұған дейін биыл айлардың сұлтаны — Ораза қашан басталатынын жаздық.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz