KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Баршаңызға мың алғыс!”: Роза Рымбаева жаңа құдалармен танысты

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева отбасындағы қуанышты жаңалыққа ортақтасты. Өнер иесінің келіні Ақерке Бүркітбайдың сіңлісінің ұзату тойы өтіп, мерекелік шараға әнші де арнайы қатысты, деп хабарлайды kznews.kz.

«Ақиісімізді ұзаттық. Тойымызға арнайы келіп, қуанышымызды бөліскен, барша қонақтарымызға шын жүректен үлкен алғысымызды білдіреміз! Тойдың басынан аяғына дейін бірге болып, ақ тілектеріңізді айтып, атсалысып, тойымыздың көркін қыздырып, көтеріп кеткендеріңізге мың алғыс!», – деп жазды Ақерке Бүркітбай.

Ұзату рәсімінде Роза Рымбаева да бой көрсетіп, келінінің төркінінің қуанышына куә болды. Осылайша өнер иесі жаңа құдаларымен танысып, жас жұбайларға ақ тілегін арнады.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →