«Отбасымыздың құпиясы»: судья Ерболат Жанабыловтың сотынан журналистерді шығарып жіберді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Баршаңызға мың алғыс!”: Роза Рымбаева жаңа құдалармен танысты

“Баршаңызға мың алғыс!”: Роза Рымбаева жаңа құдалармен танысты
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, ұзату тойынан кадрлар жариялады. Оның айтуынша, қуанышқа арнайы келіп, ақ тілегін білдірген қонақтарға отбасы атынан алғыс айтылған.

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева отбасындағы қуанышты жаңалыққа ортақтасты. Өнер иесінің келіні Ақерке Бүркітбайдың сіңлісінің ұзату тойы өтіп, мерекелік шараға әнші де арнайы қатысты, деп хабарлайды kznews.kz.

«Ақиісімізді ұзаттық. Тойымызға арнайы келіп, қуанышымызды бөліскен, барша қонақтарымызға шын жүректен үлкен алғысымызды білдіреміз! Тойдың басынан аяғына дейін бірге болып, ақ тілектеріңізді айтып, атсалысып, тойымыздың көркін қыздырып, көтеріп кеткендеріңізге мың алғыс!», – деп жазды Ақерке Бүркітбай.

Ұзату рәсімінде Роза Рымбаева да бой көрсетіп, келінінің төркінінің қуанышына куә болды. Осылайша өнер иесі жаңа құдаларымен танысып, жас жұбайларға ақ тілегін арнады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.