Барреліне 100 $: мұнай бағасының күрт қымбаттауы Қазақстанға пайдалы ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Барреліне 100 $: мұнай бағасының күрт қымбаттауы Қазақстанға пайдалы ма?

Барреліне 100 $: мұнай бағасының күрт қымбаттауы Қазақстанға пайдалы ма?
Фото: ЖИ көмегімен жасалған.

Дүниежүзінің экономистері кірпік қақпай күтіп отырған жағдай ақыры шындыққа айналды.

Дүйсенбі күнгі әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт қымбаттап, әр баррелі 100 доллардан асты.

Сарапшылар бағаның бұлайша өсуі күткендегіден де жылдам болғанын айтады. Таяу Шығыс текетіресі бастағалы бері әлем елдері демін ішіне тартып, қара алтын құнының құбылуына дайындала бастаған. Бірақ, бағаның бұлайша өсуі нарықта 2022 жылдан бері болмаған екен. Яғни, өткен 4 жыл ішінде мұнай құны алғаш рет барреліне 100 доллардан асып отыр.

Ресми деректер дүйсенбі күнгі  саудада Азиядағы сауда трейдерлері Brent маркалы мұнайдың әр барреліне 107, 16 АҚШ долларын төлеп, бағаны 15,5 пайызға өсірген. Ал WTI маркалы мұнайдың әр баррелі 17 пайызға қымбаттап, саудадағы бағасы 106,77 долларға бағаланған.

Әлбетте, бағаның күрт көтерілуіне әлемдегі саяси жағдай ықпал етіп отыр. АҚШ - Израиль тандемінің Иранға қарсы соғысынан кейін дүниежүзінің көптеген елі іш жиып, дайындық жасай бастаған. Өйткені, қара алтын тасымалының негізгі жолы болып отырған Ормуз бұғазы мүдделер қақтығысынан кейін ішінара жабылды. Бұл бұғаз Иран аумағы өтетін стратегиялық тасымал жолы болып саналады. Осылайша теңіз арқылы жөнелтілетін қара қара алтынның көлемі күрт қысқарды.

Дегенмен, сарапшылар мұнай бағасының күрт көтерілуі болжамдағыдан да жылдам әрі құбылмалы болғанын түсіндіре алмай отыр. Өйткені, сауда барысында мұнай бағасы бірінші минуттарда 10 пайызға бірден өсіп, трейдерлерді таңғалдырған. Саудаға қатысушылар ес жиып болғанша ол мүлдем қымбаттап, келесі 15 минут ішінде тағы 10 пайызға көтерілді. Бұл үрдіс жалғаса беретін сияқты.

Әлбетте, мұнай нарығындағы құнның құбылуы өндіруші елдер үшін жаңа мүмкіндік болуы ғажап емес. Қазақстан да мұнайлы ел ретінде сауда-саттықтағы үлестен мүдделі. Өйткені, мұнай сатудан түскен табыс Ұлттық қордың кірісін арттырып, мемлекеттік бюджетке табыс әкелетін бірден бір оңтайлы жол.

Жалпы, мұнай бағасының өсуі ел экономикасына екі түрлі ықпал етеді дейді сарапшылар. Біз мұнай экспорттаушы ел ретінде қара алтынды көптеп әрі қымбатқа сату арқылы пайда табуға бейілміз. Себебі, әлемдік нарықтағы Brent маркалы отын бағасының қымбаттауы бюджет кірісін арттырады. Бірінші кезекте Ұлттық қордың түсімдері көбейеді. Ал ішкі нарықта ұлттық валюта - теңге қысқа мерзімде нығаюы мүмкін.

Өкінішке қарай, мұнай бағасының бұлайша құбылуы экономикадағы басқа да маңызды секторларды айналып өтпесі анық. Яғни, мұнайдың қымбаттауы тасымал мен басқа өндіріс бағыттарына тікелей немесе жанама түрде ықпал етеді. Әуелі, жанармай мен тасымал шығындары қымбаттауы мүмкін. Екіншіден, инфляция өседі. Өйткені, әлемдік нарықтағы тұрақсыздық шикізатқа негізделген экономикаға қысым жасайды-мыс.

Қысқасы, мұнай бағасының аз уақыт ішінде 100 доллардан асуы Қазақстан үшін бюджетке пайдалы, бірақ ішкі нарықта баға өсімін де күшейтуі мүмкін.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.