KZNews.kz
Спорт

«Барлығы марапат алып жатыр»: Төрехан Сабырханның реніш себебін бапкері түсіндірді

Ayzhan Sylanova
Фото: olympic.kz

Бапкердің айтуынша, Сабырхан Түркістан облысының атынан талай жетістікке жетсе де, ешқандай марапат немесе материалдық қолдау көрмеген.

«Төрехан маған: “Ағай, менің қатарластарым пәтер, көлік, ақша алып жатыр, ал менде ештеңе жоқ”, – деп ренішін айтты. Оның сөзінің жаны бар еді», – дейді Оралбеков.

Боксшыға қолдау көрсетемін деген Бауыржан есімді азамат оларды Оралға шақырғанымен, жергілікті спорт басқармалары келісім бермеген. Кейін олар Шымкент қаласының әкімдігіне жүгініп, сол жаққа өткен.

«Қазір бәріміз Шымкенттеміз, Бауыржан да осында келіп, бірге жұмыс істеп жатыр», – деді бапкер.

Айта кетейік, бұған дейін Сабырхан Атырау облысына ауысатынын хабарлаған еді, алайда кейін Шымкент құрамасына өтуді таңдаған. Спортшы мұндай шешімге Түркістан облысы спорт басқармасынан тиісті қолдау болмағандықтан барғанын мәлімдеді.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары