ка

"Бәрін сосын айтамыз" – Тұрғымбаев Астана мен Алматы митингтері туралы

28.02.2019 20:01
0
2

"Оның бәрін сосын айтамыз, қазір емес", дейді Ішкі істер министрі.

Астанада Үкімет қалтарыстарында журналистер ҚР жаңа Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты "ұстап қалып", сұрақтарын қойып үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Тараздағы жарылысқа байланысты сотқа дейінгі тергеу қандай бап бойынша жүргізілуде?

– Өрт қауіпсіздігі техникасын бұзуға байланысты. Ол жерде үш адам қаза тапты, алты адам жараланған, олар ауруханаға жеткізілді, екеуі алғашқы көмектен кейін ауруханадан шықты.

– Митингтер болды ғой. Астана мен Алматыда ұсталған адамдар туралы айтыңызшы?

– Оның бәрін бүге-шүгесіне дейін бұқаралық ақпарат құралдарына кейін өзіміз хабарлаймыз. Қазір емес, – деген жауаппен құтылды министр.

Cәлден кейін журналистер Ішкі істер министрін тағы бір рет кездестіріп, тағы бір сұрақ қойды:

– Жаңаөзендегі жағдай туралы айтыңызшы?

– Жағдай тұрақты. Бәрі қалыпты. Ол жерде ешқандай да комменданттық сағат жоқ.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


[ad_2]
Zakon.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий