"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Бәрі осындаймен айналысады“. Жанәбіловтер сотқа келді

“Бәрі осындаймен айналысады“. Жанәбіловтер сотқа келді

Астанада блогер Ерболат Жанәбіловке қатысты сот процесі басталды, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Сот отырысы елорданың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр.

Сотқа блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова, сондай-ақ, олардың адвокаттары Анна мен Олег Черновтер келді.

Уәкілетті органдардың мәліметінше, блогер Instagram арқылы заңсыз лотерея ретінде саналатын көлік, ақша және бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындарын өткізген.

"Оның (Жанәбіловтің - еск.) (лотерея - еск.) өткізуге рұқсаты жоқ, бірақ оған бұл қажет емес. Ол оператор арқылы әрекет етпеуі керек еді, олар қызмет көрсеткендіктен, қызметін өздерінің оқу курсы түрінде сатқан болып шығады. Лотерея туралы заңда ұтыс ойны сатылым мен қызметтерге бағытталған болса, бұл лотерея емес екені нақты айтылған. Бүгінде бәрі осындаймен айналысады, бірақ қандай да бір себептермен Жанәбіловтерге ерекше назар аударылып отыр",- деді адвокат Олег Чернов.

Дау қалай өрбіді?

Бұған дейін блогерлер Instagram-да 11 көлік ойнатылатынын жариялаған болатын. Шарты қарапайым көрінген, репост жасау ғана. Алайда 21 тамызда оқырмандар тікелей эфирдің орнына құны 30 мың теңге тұратын Zhana Business ақылы курсының сілтемесін көрген. Конкурсқа тек курсты сатып алғаннан кейін қатысуға мүмкіндік берілетіні белгілі болды. Бұл жұрт арасында наразылық тудырды.

Кейінірек Жанәбіловтер ұйымдастырған даулы конкурс сотқа жетті.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.