Әнші Ерке Есмахан суреттерді Instagram парақшасында жариялады. Кадрларда ерлі-зайыптылар үш ұлымен бірге түскен: әншінің алғашқы некесінен туған үлкен ұлы Мұсылым және ортақ перзенттері – Ислам мен биыл жаздың басында дүниеге келген кенжелері Райымбек Батыр.
«Алдарыңызда – Райымбектердің отбасы. Әрине, сіздер қазірдің өзінде жолдасымның жаңа клипін көріп, әнін тыңдадыңыздар. Балаларымыздың нұрлы жүзін көріп, жылы тілектерін арнаған барлық жанға алғыс айтамын. Отбасымызға айтқан игі тілектеріңізді бағалаймыз. Баршаңызға жақсылық тілеймін! Бақытты, бай-қуатты әрі мықты болыңыздар!» – деп жазды Ерке.
Жарияланым желі қолданушылары арасында үлкен қызығушылық тудырып, бірден талқыланды. Жанкүйерлер пікірлерінде түрлі ізгі тілектерін қалдырды:
«Танауы – Еркеге тартқан, ал қалғаны – әкесінің көшірмесі», «Алла бақыт пен береке берсін», «Әкесінің нағыз көшірмесі ғой, ең бастысы – дені сау болсын», «Жарайсыздар, отбасы үшін еңбек етіп жүрсіздер», «Бақытты болыңыздар!» – деп жазды желі қолданушылары.