Мәдениет

Бақыт Қажыбаев Қытайда үздік актер атанды

Бақыт Қажыбаев Қытайда үздік актер атанды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, биылғы фестивальға қатысушы мемлекеттер екі толықметражды фильмнен ұсынып, негізгі «Алтын камелия» байқау бағдарламасына қатысты. «Үздік актер» аталымын қазақстандық актер Бақыт Қажыбаев иеленді.

Бұл марапат оған «Набат операциясы» фильміндегі басты рөлі үшін берілді.

Актердің айтуынша, бұл – тек өзінің ғана емес, фильмге жан-тәнімен еңбек сіңірген бүкіл шығармашылық топтың жеңісі. Ол шынайы оқиғаға негізделген бұл хикаяны жүзеге асырудың маңызын атап өтіп, барлық көрерменге алғыс білдірді.

«Набат операциясы» фильмі 1992 жылы Қазақстанда болған шынайы оқиғаға негізделген. Автобустағы 30 адамды кепілге алған лаңкестерге қарсы құқық қорғау органдарының арнайы операциясы адам шығынынсыз аяқталады.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz