77 млн теңге: "Атырау" футбол клубы сатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бақылау камераларының қателеспеуіне кепілдік жоқ - Алматы полициясы

Бақылау камераларының қателеспеуіне кепілдік жоқ - Алматы полициясы
Фото: Шымкент қаласы ПД

Алматы қаласында жол қозғалысын бақылауға арналған автоматтандырылған камералар жүйесінің дәлдігі мен сенімділігіне қатысты kznews.kz тілшісінің сұрақтарына Полиция департаменті түсінік берді.

Ведомство мәліметінше, қалада орнатылған барлық техникалық құралдар мен құрылғылар міндетті метрологиялық тексеруден өтеді. Әрбір құрылғыға белгілі бір мерзімге сәйкестік сертификаты беріледі. Оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін құрылғылар қайта тексеріске жіберіледі.

– Қалада қолданылатын барлық автоматты құрылғылар белгіленген тәртіпке сәйкес міндетті метрологиялық тексеруден өтеді. Әр құрылғыға сәйкестік сертификаты беріледі және оның мерзімі аяқталған соң қайта тексеріледі, – деп хабарлады Полиция департаменті.

Сонымен бірге ведомство техникалық жүйелердің жұмысына байланысты толық кепілдік беру мүмкін еместігін атап өтті.

– Полиция департаменті қандай да бір нақты кепілдік бере алмайды, себебі бұл – техника. Дегенмен аталған құрылғылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексеруден өткен және сәйкестік сертификатына ие, – делінген жауапта.

Жүйенің сенімділігіне қатысты бағалауға келсек, полиция бұл бағытта қорытындыны арнайы ғылыми білімі бар мамандар беруі тиіс екенін алға тартты.

– Бұл техниканың сенімділігіне қатысты нақты бағалауды осы салада арнайы ғылыми білімі бар мамандар береді. Ал Полиция департаменті аталған жүйенің тек пайдаланушысы болып табылады, – деп мәлімдеді ведомство.

Айта кетейік, бұған дейін жүргізушілер тарапынан автоматтандырылған жүйелер арқылы негізсіз айыппұл салынуы мүмкін деген мәселелер көтерілген еді.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.