“Аяқталмаған мәселе бар”: Жәнібек Әлімханұлы Альваресті жекпе-жекке шақырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бангкоктен екі чемодан жеткізбек болған қазақстандық бойжеткен 16 жылға сотталды

Бангкоктен екі чемодан жеткізбек болған қазақстандық бойжеткен 16 жылға сотталды
shutterstock.com

Алматыда Таиландтан аса ірі көлемде есірткі алып өтпек болған 22 жастағы Қазақстан азаматы 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бойжеткенді есірткі заттарын контрабандалық жолмен тасымалдау және заңсыз айналымға қатысу баптары бойынша кінәлі деп таныған.

Тергеу барысында оның ақшалай сыйақы алу үшін Бангкоктен Қазақстанға екі чемодан жеткізуге келіскені анықталды. Жүктің ішінен жалпы салмағы 8,8 келі болатын каннабис сығындысы табылған.

Заңсыз жүк тасымалдау әрекеті бойжеткен Алматы әуежайына келген сәтте тоқтатылды.

Прокуратура әлеуметтік желілерде жиі тарайтын «оңай табыс» пен тегін саяхатқа қатысты ұсыныстардан сақ болуға шақырды.

"Мұндай ұсыныстар көп жағдайда халықаралық есірткі тасымалдау схемаларының бір бөлігі болуы мүмкін. Қылмыстағы рөліне қарамастан, оған қатысу қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады", – делінген ресми хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер