«Рокировка» - Тоқаев бұрынғы министр Ермек Көшербаевты Еуропаға жіберді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Балиде бензин таусылды: жүргізушілер жанармай бекеттерінде сағаттап кезекте тұр

Балиде бензин таусылды: жүргізушілер жанармай бекеттерінде сағаттап кезекте тұр
фото: ашық дереккөз

Жергілікті журналистер мен куәгерлердің мәліметінше, аралдағы ондаған жанармай бекетінде бензин қоры таусылған.

Индонезияның Бали аралында отынның ең көп сұранысқа ие түрлерінің тапшылығы салдарынан автожанармай құю станцияларында ұзын-сонар кезек пайда болды, деп хабарлайды kznews.kz DetikBali басылымына сілтеме жасап.

Соның салдарынан скутер мен автомобиль жүргізушілеріне бірнеше сағат бойы кезекте тұруға, жанармайдың қымбат түрлерін сатып алуға немесе көліктерін итеріп жүруге тура келген.

Жанармай кезегіне байланысты кептеліс қаупі туындаған жолдарда реттеушілер жұмыс істей бастады.

Индонезияның PT Pertamina Patra Niaga мемлекеттік мұнай-газ компаниясының түсіндіруінше, іркілістер отынның тапшылығынан емес, логистикалық ақаулардан туындаған. Балиге бензин тасымалдайтын теңіз танкерлері жолда кешігіп, ал жанармай бекеттеріне жеткізу жұмыстарына жол кептелістері кедергі болған көрінеді.

Компания мәселені шұғыл шешу үшін аралға қосымша 26,2 мың килолитр отын жіберілгенін және жақын күндері жанармай бекеттеріндегі жағдай толық тұрақталуы тиіс екенін мәлімдеді.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.