KZNews.kz
Шоу-бизнес

Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды

Ayzhan Sylanova
Фото: total.kz

Олар еліміздің әр түкпірінен келген, ал ақшаларын қайтара алмай жүр. Бұл жайлы КТК арнасының хабарлар қызметі жеткізді. Бүгін зардап шеккендер Алматы қалалық полиция басқармасына барып, тергеудің қалай жалғасып жатқанын білуге тырысты.

«19 сәуірде ұшуым керек еді, сол уақыттан бері ешқайда ұшқан жоқпыз. Ақшамыз да қайтарылмай жатыр. Жұмаға дейін деген, ең соңғы уәдесі — Құрбан айтқа дейін қайтарамыз деген. Директоры — Имашев Данияр деген жігіт», — дейді Берік Маржанов. 
«Балғынбек Имашевтың өзі жарнамалаған соң, имандай сендік», — дейді олар.

Қазір не өзі, не ұлы байланысқа шықпай отыр. Журналистер қоңырау шалғанымен, айтыскер тарапынан еш жауап болмаған. 

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары