Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Баланы кіреберіске тастап кеткен”: 15 жастағы қыз пәтер жалдап, сол жерде жалғыз өзі босанды

“Баланы кіреберіске тастап кеткен”: 15 жастағы қыз пәтер жалдап, сол жерде жалғыз өзі босанды
Фото: ашықдереккөз

Оқиға туралы ақпарат 8 қазан күні Жалал-Абад облысының ішкі істер бөліміне түскен. Тексеру барысында нәрестенің анасы — небәрі 15 жастағы жасөспірім қыз екені анықталды. Белгілі болғандай, ол уақытша пәтер жалдап, сол жерде өз бетінше босанған. Кейін қорқып немесе шарасыздықтан баланы үйдің кіреберісіне қалдырып кеткен.

Қазіргі таңда тергеу органдары бұл оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Полиция жас анамен профилактикалық жұмыс жүргізіп, оның әлеуметтік жағдайын және босануына не себеп болғанын тексеруде.

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, нәресте уақытына жетіп туылған, оның жалпы жағдайы тұрақты. Анасы мен сәби перзентханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды. Мамандардың айтуынша, екеуінің де жағдайы жақсы, қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.