Баланы еңбекке тәрбиелеудегі ата-ананың біліктілігі
12.01.2021
02:14
0
11
Тақырыбы: Баланы еңбекке тәрбиелеудегі ата-ананың біліктілігі
Жоспар:
Кіріспе
- Баланы еңбекке тәрбиелеудегі ата-ананың біліктілігі
- Еңбекке баланы жасынан баулиық.
- Еңбекке баулу пәнінің сабақ жоспары
1.Баланы еңбекке баулудағы ата – ананың біліктілігі.
Бала тәрбиесінің алғашқы кірпішінің қалануы мектепке дейінгі кезең болғандықтан, бүгінгі білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар еңбек тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың міндеті – сәби шақтан бастап еңбекке қажеттіліктің алғы шарттарын қалыптастыру. Бұл міндеттер отбасындағы еңбек тәрбиесін жақсартудан бастау алып, ондағы ата –аналардың педагогикалық білімдерінің заман талабына сай жетілдірумен шешілмек. Бүгінгі таңда ата –аналардың еңбек тәрбиесі бойынша педагогикалық білімдерін жетілдіруде ең негізгі ұйытқы болатын балабақша. Қазіргі нарықтық қатынас тұсындағы әлеуметтік жағдайдың төмендігі, психологиялық ахуалдың қолайсыздығы ата –аналардың педагогикалық білімін жетілдіріп отырудағы мүмкіндіктерінің төмендігі бала тәрбиесіне біршама қиындықтар туғызуда. Бұл тұста ата –аналарға баланы еңбекке баулу бойынша бағыт беріп, ынтымақтастыққа әрекет ету тәрбиешілердің үлесіне түсіп отыр. Бала тәрбиесінің алтын бесігі – отбасы. Бұл шағын әлеуметтік топ –бала үшін өмір мектебі. Қазақстан Республикасы Ата заңының 9-тарауы «Отбасы» деп аталып, оның 51- бабында – «Ата – аналардың және олардың орнындағы адамдардың міндеті – балаларды асырау, тәрбиелеу және оқыту»-деп нақты көрсетілген. Ата-ана – баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Балалардың болашағы олардың өмірден татар несібесі мен еншісінің үлес салмағы ата – ананың сіңірген еңбегіне, тәлім- тәрбиесіне байланысты болады. Сондықтан әрбір ата – ана өзінің баласын еңбекқор, елінің қамқоршы азаматы етіп тәрбиелеуге міндетті. Үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадан басталып, белгілі бағдарлама негізіне сүйене жүзеге асыра отырып, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту – тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде шешіп, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді. Ата – ананың педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы олардың қоғам алдында өз балаларының тәлім – тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттырады. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудағы көзқарасын және педагогикалық білім деңгейлерін анықтау мақсатында № 356, 341 балабақшасы мектеп алды топ балаларының ата- аналарынан сауалнама сұрақтарына жауап алдық. Жиналған мәліметтерден анықталғандай отбасында балаларды еңбекке баулуға жете көңіл бөлінбейтіндігі және олардың еңбектерін тәлім – тәрбие мақсатында пайдалана алмайтындықтары белгілі болды . Бала тәрбиесіне әсіресе жастар жағы «тамағы тоқ, киімі бүтін болуы» деп түсінетіні байқалады . Күнделікті күйбең тірліктен, балаға қарауға уақыттың жетпейтінін сылтау ететіндер де аз емес. Кейбір ата – аналар «жас, буыны қатқан жоқ», «өскен соң өзі – ақ үйреніп алады» деген керенау ойларын да білдірді. Баланы еңбекке баулудағы негізгі кемшіліктің туу тамырын, төркінін анықтау ата – аналарымен үздіксіз педагогикалық жұмыстар жүргізу қажеттігін туғызды. Осы байқаған кемшіліктерден ата – аналарға баланы мектептегі еңбекке даярлаудағы педагогикалық маңызын түсіндіру мақсатында А.К. Меңжанованың «Баланы көркем шығарма туындылары арқылы адамгершілікке және еңбекке тәрбиелеу» атты еңбегін және «Отбасы және балабақша», «Бастауыш мектеп», «Дошкольное воспитание» журналдарынан бірқатар ғылыми мақалалар ұсынылды . Зерттеуші ғалым Т. А. Маркованың «Воспитание трудолюбия у дошкольников» деген еңбегіне балаларды еңбекке баулу тәжірибесіне байланысты отбасы типтерін анықтау тұжырымын басшылыққа алып, отбасын төрт типке бөлдік . Бірінші типтегі отбасының еңбек тәрбиесіндегі тәжірибесін насихаттауға болады, дегенмен, тәрбиешінің көмегі қажет.( 10 отбасы). Екінші типтегі отбасы баланы еңбекке педагогикалық және психологиялық жағынан даярлауы төмен. Ата – аналар білімді болса да отбасында баланы еңбекке баулу көзқарасы екі түрлі .(5отбасы) Үшінші типтегі отбасында баланы еңбекке баулуда ата – анасының екеуінің де көзқарасы төмен. Отбасында тұрақты еңбек дәстүрі жоқ. Төртінші тип қолайсыз отбасы. Балаларын қорқыту, тыйым салу әдістерін пайдаланып еңбекке үйретеді.(5отбасы). Дегенмен, ата – аналардың балаларды еңбекке баулудағы бенсенділігін, қызығушылығын арттыру мақсатында педагогикалық жағдайларды талдау, кеңес беру әдістері қолданылады. Тәрбиешілері ата – аналарға ертеңгі және кешкі мезгілде сұрақ қою, нұсқау беру арқылы өз балаларын еңбекке баулу туралы ақыл – кеңес айтып, ойлануына мүмкіндік туғызады. Ата – аналардың ұсынысы бойынша мектеп алды топта қол еңбегі үйірмесі аптасына екі рет ұйымдастырып, ондағы бес – жеті жастағы балаларды тігіс тігуге үйретудің күнтізбелік жоспары жасалып жүргізіледі. Балаларға тігуге қажетті құралдармен (ине, жіп, оймақ, қайшы, мата) таныстырып, оларды қарапайым тігістен бастап, өз қуыршақтарына көйлек тігу және аналарының мейрамына сыйлық ретінде ине түйрейтін жастық тігіп сыйлауға үйретті. Мұндай еңбек тәрбиесінің нәтижесі балалардың ата - аналарын таң қалдырды, сөйтіп отбасында да баланың қолы жеткен дағдысын одан әрі жалғастыруды қолдап отыру пайдалы болмақ. Сайыс тақырыбы: «Еңбек түбі – береке». Сайыс мақсаты: Ата - аналардың баланы еңбекке баулудағы білімдерін жетілдіріп, қызығушылығын арттыру, балалардың еңбекке деген ынта – ықыласын дамыту. Сайыс барысы: Жүргізуші: Қайырлы күн балалар, ата – аналар, ұстаздар! Бүгін міне, « Еңбек түбі – береке» атты сайысты бастағалы отырмыз, - деп сайыстың мақсатымен таныстырып, қазылар алқасына Г.Ахметова мен С.Жиенбаеваны сайлады. Жүргізуші:Сайыстың бірінші бөлімі бойынша әрбір бала өзін көпшілікке жақыннан таныстырады.Қазылар алқасы балалардың сөйлеу өнерін, тілінің үйірімділігіне, ойының ұшқырлығына мән беріп, епті де еңбекқор баланы анықтау керек. Ендігі кезек балаларға берілгенде:- Әрін Мағжан:
- Қасенова Гауһар:
- Өзім көтере саламын.
- Қалай да балама жинатқызамын.
- Кімнің тастаған қағазы екенін анықтап, соған жинатқызамын.
- Өзіңіздің вариантыңыз (кітап оқып беремін, мысал айтамын)
- Мағжан әкесімен бірге ағаштан орындық жасады.
- Назерке анасымен шәркей тікті.
- Жансая анасымен қуыршаққа көйлек тігіп, түйме қадады. Гауһар анасымен «тон асты» салатын даярлады.
- 2. Еңбекке баланы жасынан баулиық.
- 3. Шығармашылық еңбектің ұйымдастырудың жолдары
- Еңбекке баулу пәнінің сабақ жоспары
- 2. Өңдеу дәлдiгi.Оқушылар еңбек сабағында негiзiнен пайдалы бұйым жасап үйрену керек. Алайда, күнi бүгiнге дейiн оқушылар жасайтын бұйымдарға ғылыми тұрғыда қойылатын бiрдей талап жоқ. Сондай-ақ бұйым сапасына да қойылатынталап деңгейi белгiленген. Сол себептi мұғалiм оқушылардың жас ерекшеiгiне қарай еңбектiң әр түрiне өздерi ойластырылған талап қояды.
- Әмірғазин Қ. Қазақ қолөнері.Алматы. ТОО. Дайк-Пресс, 1996ж.
- Жүкеш Қ. Ұлттық психологияның сипаты.алматы,1993ж.
- Қазбеков М. Наурыз. Жаңғырған салт-дәстүрлер. Алматы,1992
- Қоңыратбай Тана. Халық педагогикасының идеяларын оқу-тәрбие ісіне ендіру жолдары. К.д. Алматы,1994ж.
- Қоңыратбай Тана. Ұлттық сана бастауы қай тұста? Отбасы және балабақша.1998ж. №1-2
- Марғұлан Ә.Х. Ежелгі жыр, аңыздар.Алматы,1985ж
- Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ.алматы.қазақстан, 1977ж.
- Сейдімбек А. Күңгір-күңгір күмбездер. Алматы, 1981ж.
- Сейдімбек А. Қазақ әлемі .Алматы, 1997ж.
- Төленбаев С. Өмірбекова М. Қазақтың ою-өрнектері. Алматы. қазақстан.,1993ж.
- Ұлағат №3,2003.
- Бастауыш мектеп. №2., 2002ж.
- Қазақстан мектебі. №5., 2003ж.
- Тәрбие құралы. № 6,7.2003ж
- Ұлт тағылымы №4,2003ж.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ