Бақытгүл Хаменоваға қатысты жаза өзгертілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Баламды көріп кетемін" деген еркек бұрынғы әйелінің үйін тонады

"Баламды көріп кетемін" деген еркек бұрынғы әйелінің үйін тонады
ашық дереккөзден

Қырғызстанда ер адам бұрынғы әйелінің үйіне баласын көруге келгенімен, сол сәтті пайдаланып, ақша мен алтын бұйымдарды қолды қылды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды kznews.kz.

24.kg мәліметінше, оқиға Баткен облысы Раззаков қаласында болған. ІІБ баспасөз қызметі күдіктінің 27 жаста екенін хабарлады.

Алдын ала деректер бойынша, келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 160 мың сомды құрайды. Ер адам бұрынғы жұбайының үйіне келген кезде оның алтын әшекейлері мен ақшасын алып кеткені анықталған.

Жәбірленуші полицияға арыз түсіргеннен кейін күдікті жедел түрде ұсталды. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, іс «Ұрлық» бабы бойынша тіркелген.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер